Қазіргі әлемдік және отандық лингвистикадағы фрейм туралы ізденістер
Қаралымдар: 155 / PDF жүктеулері: 95
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2018-123-2-129-139Кілт сөздер:
когнитивті лингвистика, фрейм, фрейм теориясы, фреймдік семантика, концептілік жүйе, менталды құрылымАңдатпа
Бүгінгі күнде тілді танымдық тұрғыда зерттеудің үстемдік құрып тұрғаны баршаға аян. Қазіргі тіл білімінде әлем туралы ақпараттар адам санасында қалай қабылданып, өңделіп,
сақталып, соңында сыртқа қалай шығарылатындығы мәселесі тілші ғалымдырдың қызығушылығын
тудыруда. Сондықтын да фреймді адам санасындағы әлем туралы ақпараттарды ұйымдастырудың
ең қарапайым формасы ретінде зерттеу өзекті де қажетті. Жарты ғасырдан бері фрейм термині
пәнаралық ұғым ретінде зерттелінуде. Қазіргі таңда информатика, компютерлік техника, жасанды
интеллект, журналистика, аударматану, шеттілдік білім беру, әдебиеттану және лингвистика т.с.с
ғылым салаларында жан-жақты зерттеу шеңберінің кеңеюі – фреймнің ерекше маңыздылығын көрсетеді Фрейм теориясының лингвистикадағы зерттелу тарихы әріден басталғанымен, оның ғылыми-кaтегориялық aппaрaты, ұғым түсініктері әліде жүйелі түрде қарастырылып, ғылыми тұрғыда
толық аяқталған жоқ. Деседе жүмысымызда қазірге дейінгі әлемде және Қазақстанда жазылған
ғылыми еңбектерге сүйене отырып, фрейм үғымына қатысты анықтамаларды жүйелеп топтап көрсетуге тырыстық.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




