Ағылшын тілін үйрену мен оқытудың маңыздылығы
Қаралымдар: 178
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2018-123-2-105-108Кілт сөздер:
сандық технологиялар, ағылшын тілі, білім, коммуникативті құзіреттілік, дағдыАңдатпа
Шетел тілдеріндегі қарым-қатынас және цифрлық құзыреттілік Еуропалық Парламенттің және Кеңестің 2006 жылғы 18 желтоқсандағы ұсынымына енгізілген сегіз негізгі құзыреттіліктің екеуін білдіреді, бұл Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттерімен
қабылданатын стратегияларға, жылдам өзгеретін және өзара байланысты әлемге икемді
түрде бейімделу. Ағылшын тілінде сөйлеу қабілеті жаһандық коммуникацияның бүгінгі
әлемінде шешуші мәнге ие. Жастар ағылшын тілін оқып, жаза біліп, қарым-қатынас жасай
білуі керек, мұғалімдері мен әріптестерін жоғары деңгейде түсінуі қажет. Ағылшын тілі
- көбінесе байланыс, ғылым, бизнес, ойын-сауық, саяхат және спорт саласында орын ала ды. Ағылшын тілін жақсы меңгеру адамдарға осы салаларға қолжетімділікті және олардың
білімін, экономикалық, әлеуметтік және мәдени дамуын қамтамасыз етеді. Сондықтан да,
тілді терең әрі коммуникативті меңгеру қажеттігі басымдық алуда.
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




