Қазақ әдет-ғұрыптық ән ырғақтылығындағы сөз просодикасы
Қаралымдар: 183 / PDF жүктеулері: 139
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2018-123-2-96-104Кілт сөздер:
қазақ тілі просодикасы, қазақ тілі екпіндері, сингармонизм, ән ырғағы, қазақ өлең құрылысы, қазақ әдет-ғұрып әні, қазақы ырғақ теориясы, квантитативтілікАңдатпа
Мақала қазақ тіліндегі сөйлеу формалары мен халық музыкалық және поэтикалық шығармашылығының өзара байланысына арналған. Басты міндеті қазақ сөзінің просодикасы
арқылы әдет ғұрыптық ән жанрларын ұйымдастыру шарттарын сипаттау. Зерттеуде аналитикалық,
салыстырмалы әдістер қолданылды. Қазақ музыка шығармашылығындағы ерте фольклорлық формалардың ритмикалық құрылымы сипатталған. Қазақтың күнделікті және әдет ғұрып әндерінің ритмикалық формалары, сондай-ақ ерте фольклорлық интонация ерекшеліктеріне және ұлттық өлеңдердің
өлшеміне әсер етті. Қазақ фольклорының жанрлары, рәсімдік үйлену тойы (беташар.тойбастар.сыңсу), жерлеу-мемориалдық циклдар (жоқтау, жылау), сондай-ақ баланың туылуы мен балалық шағы
(әлди-әлди, бесік жыры, тұсау кесу) туралы әндерінің әуені мен сөзінің синкреттік байланысуы.
Қазақ тіліндегі әртүрлі екпіндер түрі - өсуі мен төмендеуі, екпіні мен ұзаруы қазақтың әдет
ғұрып жанрлары ырғағының квантитативтілік сипатын анықтайды. Қазақ сөзіндегі сингмармонизм
қазақтың әдет-ғұрып әнінің ырғақ форма типологиясына әсер ету тұрғысынан да қарастырылады.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




