Жаңа қазақ әліпбиі: әлеуметтік лингвистикалық мәселелері, оларды шешу жолдары
Қаралымдар: 244 / PDF жүктеулері: 162
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2018-123-2-8-14Кілт сөздер:
тіл саясаты, лингвистика, әліпби, латын графикасыАңдатпа
Мақалада автор тіл саясаты, оның нысаны мен мақсаты туралы айта келіп: «адамдар
тілден нені өзгерткісі келеді, тілдің өзіндік жүйесі мен құрылымына, дамуына қалай әсер ете алады, ол
қаншалықты мүмкін, мұндай тіл саясатын кім жоспарлайды және кім жүргізеді?» деген сұрақтарға жауап береді. Көптеген елдерде тіл саясатын жоспарлайтын негізгі субьекті деп әр алуан мемлекеттік және
мемлекеттік емес органдар мен институттарды атайды. Олар тілдің нормативті-стилистикалық жүйесін
жасау, терминологиясын қалыптастыру мен дамыту және әліпби мен оның емлесін жасау, жетілдіру
мәселелерімен айналысады. Осылардың ішінде әліпби - жазба тілді қатыптастырудағы саналы әрекеттердің бірі, тіл саясатының басты нысаны екендігіне арнайы тоқталады.
Мақала авторы қай қоғамда, қай елде болмасын әліпби жасау немесе оны ауыстру – бұл жалпыхалықтық, оның ішінде ұлттық мәселе екендігін айта келе, ол - саяси, мәдени, лингвистикалық, әлеуметтік лингвистикалық, әлеуметтік, экономикалық т.б. жақтан ойланып, толғанып шешетін маңызды әрі күрделі проблема дейді. Оның себептерін санамалап түсіндіреді. Әліпби ауыстырудың қажеттілігі, латын әліпбиін таңдау
себебі, ұсынылған әліпби жобалары туралы талдамалық-сараптамалық ойлар ортаға салынады.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




