Қазақ тілін үйретуде мобильді қосымшаларды пайдаланудың тиімділігі
Қаралымдар: 461 / PDF жүктеулері: 613
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2023-144-3-203-215Кілт сөздер:
қазақ тілі, лексикалық дағды, мобильді қосымша, ақпараттық-коммуникативтік технологиялар, қазақ тілін оқыту әдістемесі, оқыту құралдарыАңдатпа
Мақалада қашықтан оқыту практикасының жоғары даму қарқыны туындатқан компьютерлік лингводидактика бағытында қазақ тілін оқытудың жаңа форматтары талданып, теориялық тұрғыдан түсіндіріледі. Сәйкесінше, зерттеудің мақсаты мобильді оқу-ойын қосымшаларын игеруді, лексикалық дағдыларды қалыптастыра отырып тілдік қателерді диагностикалауды, бекіту және бақылау құралы ретінде пайдалану болжамын талдау болып табылады. Аталмыш мақсатқа жету үшін тікелей бақылау, сипаттау, деректерді салыстыру, зерттеу объектілерін жіктеу, алынған ақпаратты жалпылау және түсіндіру тәрізді әдістер кешені қолданылды. Сондайақ, дәйекті тұжырым мен нәтижеге педагогикалық тәжірибені зерттеу және жалпылау, әдістемелік эксперимент және сауалнама сынды эмпирикалық әдістер алып келді. Зерттеу нәтижесінде «Quizizz» қосымшасын пайдаланып қазақ тілін оқытуда лексикалық дағдыларды қалыптастыруға бағытталған тапсырмалар құрудың сипаттамасы жасалады. Оқытудың құралы ретінде қосымшаның осы түрін қолдану перспективалары лингвометодикалық аспектіде – эксперимент нәтижелері негізінде және психо-педагогикалық аспектіде – білім алушылардың сауалнамасы негізінде талданады. Зерттеу нәтижелерін оқу-ойын бағдарламалық кешендері мен қосымшаларын жобалауда, мобильді қосымшаларды қолданып тапсырмалар құрастыруда пайдалануға болады. Электрондық білім беру жүйелерін қолданудың негізгі мақсаты оқу үрдісін оның барлық қатысушылары (оқушылар, педагогтер) үшін оңтайландыру болып табылады. Білім алушылардың жеке қызығушылықтары мен оқу үдерісіндегі деңгейлеріне негізделген қазақ тілі сабақтарындағы мобильді қосымшалардың тиімділігін эксперименттік тексеру нәтижесі лексикалық дағдыларды меңгертуде оң әсерін көрсетті.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




