Асқар Алтай шығармаларындағы интермәтіндік ерекшелік
Қаралымдар: 475 / PDF жүктеулері: 786
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2023-144-3-160-168Кілт сөздер:
негізгі мәтін, екінші мәтін, түс, интермәтіндік, симулякр, мотив, детальАңдатпа
Әдебиет – динамикалық құбылыс, ол үнемі өзгеріп, жаңарып отырады. Әдеби процестің өзгеруі қоғамның әлеуметтік-мәдени өмірімен тікелей байланысты. Әдебиеттегі соңы жаңалықтарды көркем шығармаларында орнымен қолдана білетін қазақ әдебиетінің бүгінгі өкілі Асқар Алтай шығармалары шын мәнінде ерекше ғылыми зерттеуді қажет етеді. Автор шығармаларындағы өзгешелік интермәтінділіктің сюжеттік желіге сай қолданылуы. Жұмыстың мақсаты да қаламгер қолданысындағы интермәтіндік ерекшеліктің шығармалардағы көрінісін анықтау болып табылады.
Жазушы шығармашылығында ерекше назар аударатын мәселе – негізі ойдың берілу жолындағы ерекшелік. Автор негізгі ойды беруде интермәтінділікті ұтымды пайдаланады. Негізгі оқиға желісіне бұрын болған аңыз-әңгімелерді кіріктіру арқылы ойдың мазмұнын нақтылай түседі. Өмірде шынайы болған оқиғаны шығарма мазмұнына сай кіріктіру негізінде автор оқырманға жаңа ой тастайды, оқырманның жаңа білім алуына септігін тигізеді.
Автор шығармаларындағы тағы бір ерекше мотив – түстің берілу жолы. Асқар Алтай шығармаларында шындықты жеткізуде, кейіпкерге аян беруде, кейіпкерге жол нұсқауда түс мотиві көркем тәсіл болып қолданылады. Көркем шығармадағы түстің берілу жолы шығарма мазмұнының өрбуіне жаңа сипат береді. Шығарма кейіпкерлерінің түс көруі алдағы болатын оқиғаға кіріспе негізінде көрініс тауып отырады.
Жазба жұмысы кіріспе, талқылау мен нәтиже және қорытынды бөлімдерінен тұрады. Автор шығармаларындағы интермәтіндік ерекшелікті анықтау үшін қаламгердің бірнеше әңгімесі мен «Алтайдың алқызыл модағайы» романы талдауға алынды. Зерттеу нәтижесінде автор шығармаларындағы мәтіндік ерекшеліктер талқыланды
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




