Көптілділікті кәсіби контексте зерттеу: ғылыми-метриялық талдау
Қаралымдар: 310 / PDF жүктеулері: 447
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2023-144-3-148-159Кілт сөздер:
табиғат, адам, ұлттық пейзаж, поэзия, проза Қазақстанның станоктық кескіндемесі, қазақтың ұлттық әдебиетіАңдатпа
Бұл мақалада пейзаж филология мен өнертанудың негізгі категориясы ретінде қарастырылады. Қазақстанның поэзия, проза, станоктық кескіндеме көркем туындыларының мысалында қазақ халқы дүниетанымының көрінісі ретінде ұлттық пейзаждың қалыптасу ерекшеліктері айқындалған. ХХ ғасырдағы Қазақстан әдебиеті мен станоктық кескіндеме шығармаларында пейзаж жасаудың тілдік және бейнелеу тәсілдері талданды. М.Әуезов пен С. Санбаевтың көркем прозасына, Б. Қайырбековтың поэзиясына лингвистикалық/әдеби талдау жасалды. Көшпелі даланың тұрмысын, әдет-ғұрыптарын, салт-дәстүрлерін, әдеби шығармалардың басты кейіпкерлері тұлғаларының сипатын ашатын әлемнің ұлттық бейнелерімен ұсынылған қазақстандық пейзаждың ерекшелігі ашылды. А.Қастеев, А.Исмаилов, А. Жүсіпов, С.Романов туындыларының өнертану аспектісінде талдануы станоктық кескіндеме шығармаларындағы пейзаждың маңызды рөлін бекітуде орыс көркемсурет мектебінің дәстүрлерінің сабақтастығын анықтауға, сондай-ақ қазақ суретшілерінің туған жерге деген көзқарастарының көркем бейнеленуіндегі ерекшелікті анықтауға мүмкіндік береді. Ұлттық пейзаждың біртұтас шеңбері Отандық жазушылар мен суретшілердің шығармашылығын біріктіретіні белгілі. Қорытындыда пейзаждың қазіргі қоғамның мәдени феномені ретіндегі маңызы туралы тұжырым жасалды, бұл тұжырым ХХ ғасырдағы Қазақстан әдебиеті мен станоктық кескіндеме шығармаларының ұлттық ерекшелігі мен бірегейлігін айқындайды.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




