Қазақ-қырғыз айтыс өнеріндегі ортақ мұрат
Қаралымдар: 152 / PDF жүктеулері: 160
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2018-124-3-109-115Кілт сөздер:
айтыс, ұлттық дәстүр, ұлттық ментальдік таным, ұлттық ұқсастықтар мен ерекшеліктерАңдатпа
Бұл мақалада дәстүрі мен мәдениеті ұқсас қазақ пен қырғыз халқына ортақ айтыс
өнерінің ерекшеліктері айтылады. Екі ел ақындарының арасында өткен белгілі айтыстардың көркемдігі таразыланып, тарихи деректері зерттеуші ғалымдардың пікірі арқылы байыпталады. Екі ел
арасындағы бастылары - қазақ ақыны Сүйінбай мен қырғыз ақыны Қатағаның, қазақ ақыны Сарбас
пен қырғыз ақыны Қалмырзаның және қазақ ақыны Қаңтарбай мен қырғыз ақыны Арыстанбектің
айтыстары бар. Сонымен қатар, кейбір айтыс зерттеушілері екеуі бір адам деп жүрген Қатаған мен
Арыстанбектің Сүйінбаймен айтыстары талданып, екі айтыстың ерекшеліктері мен ұқсастықтарына көркемдік тұрғыдан баға беріледі.
Өткен ғасырлардағы айтыстарда көбінде көршілес екі елдің ынтымағы мен татулығы, бірлік-берекесі жырланатыны және кей тұстарда екі елдің кемшін тұстары да ақындардың тілімен айтылататыны нақты мысалдармен көрсетіледі. Мақалада Кеңес дәуіріндегі айтыстар мен тәуелсіздік
жалдарындағы айтыстардағы қазақ-қырғыз ақындарының елдік мұратқа қосқан үлестері баяндалады.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




