Көркем мәтінді аудару және түсіну: барабарлықтың өлшемшарты


Қаралымдар: 50 / PDF жүктеулері: 37

Авторлар

  • А. Бескемер Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-678X-2018-124-3-81-87

Кілт сөздер:

көркем аударма мәселелері, барабарлық, аударма өлшемшарттары, көркем мәтін, аудару модельдері

Аңдатпа

Аударматанудың жеке дара ғылым ретінде қазіргі даму сатысында көркем мәтіндерді аудару, сәйкестік аударма мен баламалық аударма арқылы аударма оқушыға прагматикалық
әсер ету деңгейі туралы нақты қалыптасқан негіз жоқ. Осы орайда мақалада автор көркем мәтіндерді аудару керек пе немесе мәтінге тек түсіндірме жасау ғана болады деген жалпы тіл білімі
үшін де, аударматану ғылымы үшін де маңызды дилеммалық сұраққа жауап беруге тырысып, осы
екі түсініктің аражігін ажыратып, түсіндіріп беруге талпыныс жасаған. Себебі соңғы жылдардағы
еңбектерде, ғылыми мақалаларда зерттеушілер тарапынан “Аударма немесе түсіндірме” мәселесі
жаңа қырынан жиі қарастырылып, көптеген зерттеушілердің қызығушылығын тудыруда. Сонымен
қатар, тілдік және жеке интерференция, оң және теріс интерференция құбылыстарын тоқталып және
көркем аударма барысындағы барабарлық өлшемшарттары анықталып, жеке-жеке сараланды.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-09-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Бескемер, А. (2018). Көркем мәтінді аудару және түсіну: барабарлықтың өлшемшарты. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ФИЛОЛОГИЯ сериясы, 124(3), 81–87. https://doi.org/10.32523/2616-678X-2018-124-3-81-87

Журналдың саны

Бөлім

Статьи