Біржан сал – Арқа ән дәстүрінің көрнекті өкілі
Қаралымдар: 255 / PDF жүктеулері: 126
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2018-124-3-69-80Кілт сөздер:
сал-серілер лирикасы, музыкалық-шешендік стиль, суырыпсалмалықАңдатпа
Мақала Арқа ән дәстүрінің белді өкілі, ақын-импровизатор, әнші-композитор
Біржан Қожағұлұлының (1834-1897) авторлық ізденістері мен стильдік ерекшеліктерін талдауға арналған. Біржан сал мұрасын терең түсініп, даралығы мен жаңашылдығына тиесілі бағасын беру
үшін әндерінің образды-поэтикалық жүйесі мен музыкалық стилінің ерекшеліктері толыққанды
зерттелген.
Біржан сал әндерінің тақырыбы мен идеялық-мазмұндық негізін, барлық сал-серілерге ортақ, мынадай дәстүрлі тақырыптар қатары құрайды: жас сал-серілердің бұлжымас дәстүріне сай
аруларға бағышталған арнау әндер; қайта оралмас жастық шаққа арналған қоштасу әндер; балалары мен келер ұрпаққа бағытталған өсиет әндер. Біржан салдың негізгі поэтикалық жаңалығы
ақындық дәстүрдің таныстыру салтын өз әндерінің тақырыбына енгізуі болып табылады. Әншінің
азаматтық ұстанымын айқындайтын саяси-әлеуметтік бағыттағы әндері оның шынайы оқиғаға деген эмоционалды емеуріні мен лездік суырыпсалмалық өнерін танытады.
Шығармашылық болмысындағы орындаушылық шеберлігі мен шешендік өнерінің үйлесімді байланысы Біржан әндерінің стилін айқындайтын сал-серілердің ғашықтық лирикасы мен
ақындар парасаттылығының синтезін тудырды. Музыкалық стилистикасы – негізгі ойды айқындайтын ән шумағы мен әуезді лирикаға ұласатын алексикалық қайырмадан тұратын ауқымды құрылым.
Дәстүрлі «Қара өлеңнің» жанрлық және құрылымдық заңдылықтарына жүгіну Біржан сал
әндерінің идеялық-образдық мазмұнымен тікелей байланысты. Бұл әнші өмірінің соңғы жылдарының қайғылы сәттерінде туындаған лирикалық аңсау-сағыныш және мұң-шер әндері.
Біржан салдың шоқтығы биік туындысы «Теміртас» әнінде кездесетін өлең мен әуеннің
асинхрондылығы – жаңашыл құрылымдық тәсілі болып табылады. Жаңа синтезделген ән-әңгіме
жанры мен әуен арқауы ғұрыптық жанрдан бастау алған қайғылы-трагедиялық монологының күші
Біржан сал шығармашылығының ең биік шынары, бүкіл Арқа ән мектебінің жауһарына айналды.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




