Ұлы Дала фольклорындағы Арқалық батыр бейнесі
Қаралымдар: 198 / PDF жүктеулері: 112
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2018-125-4-94-101Кілт сөздер:
батырлар жыры, эпостық сюжет, нұсқалар, поэтика, әдеби мұра, бейнелілік табиғаты, көркемдік шешімАңдатпа
Фольклор мен әдебиеттің адамзаттың көркемдік дамуында алатын орны өте зор.
Халықтың рухани дамуы мен мәдени ілгерлеуіндегі ауызша және жазбаша әдебиеттің өзара күрделі
ұқсастықтары да, айырмашылықтары да бар. Бұл құбылыстардың мәні мен өзгешелігін нақты біліп
отыру аса қажетті нәрсе. Осы ретте қаһармандық эпостарда жасалған батыр тұлғасын образ-бейне
ретінде қарауға болмайды. Батырлар бейнесі халық өмірінің тұтас бір дәуірін жан-жақты қамти
отырып, сол тарихи кезеңдегі батырлардың сыртқы жауларға қарсы ерлік күресін, ел ішіндегі әлеуметтік қайшылықтар мен тартыстарды бейнелеп береді. Тарихи оқиғалар тізбегі өмірде болған
қалпында емес, жырдың көркемдік шешіміне лайықты өріледі. Аталмыш мақалада осындай жырлардың бірегейі «Арқалық батыр» жырының түрлі нұсқадағы берілуі мен оның көркемдігіне талдау
жасалынады. Әсіресе «Арқалық батыр» жырының зерттелу тарихын, жырдың көпнұсқалылығын,
осы күнге дейін ауызша-жазбаша сақталған барлық нұсқаларын толық, тұтастай, кешенді түрде
қарастырған көбінесе фольклортанушы Бекмұрат Уақатовтың еңбегі туралы сөз болады.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




