«Ер Төстік» ертегісінің лингвосемиотикалық аспектісі
Қаралымдар: 216 / PDF жүктеулері: 145
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2019-126-1-165-172Кілт сөздер:
лингвосемиотика, мәтінді талдау, тіл белгілері, этномаркер, семиотикалық талдау, сценарий, фреймАңдатпа
Фольклорлық ертегілерді талдай келе, халық қиял-ғажайып ертегілері жалпы құрылымдық модельді пайдалана отырып құрылатындығына сенімді бола аламыз. Осындай
құрылымдық ұқсастық моделін ресейлік лингвист В.П.Пропп құрды.
Халық ертегілерін зерттеудегі бұл революция құрылымдық-семиотикалық лингвистика
аясында жаңа зерттеулерге жол ашқан В.Я.Пропптың «Ертегілер морфологиясы» кітабын жариялағаннан кейін пайда болды. Барлық зерттеушілер мәтінді құрылымдық зерттеудің басталуын 1928
жылы жарияланған В.Я.Пропптың «Ертегілердің морфологиясымен» байланыстырады.
Мақалада қиял-ғажайып ертегілерінің лингвосемиотикалық құрылымындағы ерекшеліктері,
ұлттық этномаркерлер танымдық тұрғыда сараланады. Негізгі зерттеу нысанына қазақ халқының
«Ер Төстік» қиял-ғажайып ертегісіндегі тілдік бірліктер алынып, ертегі мәтінінен алынған тілдік
деректерге лингвосемиотикалық талдау жасалды. Нәтижесінде, қиял-ғажайып ертегілерінің мазмұнындағы тілдік таңбалардың семиотикалық сипатына қатысты маңызды тұжырымдар жасалды
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




