Орыс әйелдерінің қайғылы тағдыры - орыс адамының дара тұлғасы (Е.Чижованың «Әйелдер уақыты» романының материалы негізінде)
Қаралымдар: 172 / PDF жүктеулері: 87
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2019-126-1-104-119Кілт сөздер:
әйел, психикалық азап, үмітсіздік сезімі, жауапкершілік, ұрпақтардың байланысыАңдатпа
Мақалада Е.Чижова романында көтерілген өткен ғасырдың орыс тарихындағы
қиын кезеңдерді бірінің оқиғаларын көрсетеді. Жазушы бұл әңгімелерді бес әйелдің әлеміне рухани сіңіру арқылы ашып көрсетеді - көрші, коммуналдық пәтерде бірге өмір сүреді. Осы әйелдердің
жеке өміріне саралап: өткенді, бүгінді және болашақты байланыс- тырады. Соғыс пен қоршауда
(блокадада) күйеулерін, балаларын, туыстарын жоғалтып, олармен бірге жарқын болашақ үмітін
жоғалтқан әжелер (Ариадна, Гликерия и Евдокия), «өткенін» жоғалтқан жандар. Антонина - «нақты
уақыттың» өкілі - басқаша зардап шекті. Оның әйел мен еркектің рөлін қабылдауына тура келеді.
Ол тағы бес әйелге жауапкершілік алады. Бір өзі жұмыс жасайды, тамақ сатып алады, кезекте тұрады, ал үйді де ол жуады, ас дайындайды, тазартады. Сюзанна - жарқын болашақ. Оның қайғысы
оның әкесінің жоқтығында, жалғыздық сезімінде, әжесі мен анасы қайтыс болғаннан кейін өзге
жанға сенімсіздікпен қарауында, сенімсіздікті жою қабілетінің болмауында жатыр.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




