Көне эпостағы мифтік кейіпкерлер
Қаралымдар: 261 / PDF жүктеулері: 218
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2019-126-1-45-53Кілт сөздер:
эпос, көне эпос, батырлық жыр, миф, мифтік кейіпкерлер, түркі халқыАңдатпа
Эпостардың барлық жанрларындағы маңызды категориялардың бірі – батырлардың ерлігі мен олардың дұшпандарына қарсы күресі болып табылады. Дәуір алмасуына, тарихи
жағдайларға қарай, дұшпан бейнесінің берілуі де заманмен бірге өзгеріске ұшырап отырды. Ең
алғашқы көне эпостарда батырлар негізінен мифтік кейіпкерлермен ғана жауласқан болса, уақыт
өте келе тарихи оқиғалардың дамуына байланысты жаулары да шынайы қасиеттерге ие образдарға
ауысады. Уақыт өте келе жезтырнақ, құбыжық, төбекөз, мыстан кемпір, айдаһарлар сынды образдарды батырдың жері мен отанына қауіп төндіретін, жау образындағы адамдар алмастыра бастайды. Оларды негізінен көне мифтік бейнелер, зооморфтық кейіпкерлер, туыстас, бірақ жауласып
жүрген ру-тайпа өкілдері, қалыңдық үшін бақталастыққа түскен қарсыластар, құрайды. Мақалада
архаикалық және батырлық эпостағы бас кейіпкерлермен күресуші образдардың түрленуі мен дамуы жан-жақты қарастырылады. Эпикалық кейіпкердің бейнесін жасаудағы көне сюжет пен мотивтердің рөлі сипатталады. Көне эпостағы қаһарман қарсыластарының түрлері айқындалады.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




