Ә. Нұршайықовтың эпистолярлық мұрасы
Қаралымдар: 190 / PDF жүктеулері: 103
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2019-126-1-39-45Кілт сөздер:
Эпистолярлық роман, жанр, күнделік, естелік, хат, ұлы тұлғаАңдатпа
Мақалада қаламы қарымды қаламгер Ә.Нұршайықовтың эпистолярлық
роман жазудағы жазушылық шеберлігі талданады. Қазақ әдебиетіне айтарлықтай үлес
қосқан жазушы М.Иманжанов жайлы жазылған «Қаламгер және оның достары» атты эпистолярлық еңбегі жан-жақты қарастырылады. М.Иманжановпен жазысқан хаттары, естеліктерін зерделеніп, сараланып роман жазудағы жазушының дара болмысы, биік ұстанымы
сипатталады. Сондай-ақ жазушының ұлтжанды азамат тәрбиелеуде М.Иманжанов жайлы
естеліктерінің келешек жастарға берер тәрбиелік мазмұны мен қуаты терең сөз етіліп және
оның қайраткерлік тұлғасына, патриоттық бейнесіне талдау жасалады.
М.Иманжановтың қаламдас достарының естеліктері мен жазысқан хаттарынан
үзінділерін талдау арқылы тау тұлғалы азаматтың азаматтық келбетіне, жан дүниесіндегі
беймәлім сырларына бойлап, рухани жан дүниесіне үңілеміз. Қаламгердің хаттары осынысымен де құнды рухани қазыналардың бірі болмақ.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




