Дала патшайымдары туралы аңыз бен ақиқат
Қаралымдар: 329 / PDF жүктеулері: 162
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2019-126-1-16-23Кілт сөздер:
Геродот, тарих, фольклор, аңыздау, сақ, Томирис, Спаргапис, КирАңдатпа
Мақалада ежелгі сақ дәуіріндегі қаһармандық аңыздаулардағы Томирис патшайымның ерлігі жайлы, ұлы даламызды мекен еткен сақтардың ерлігі туралы тарихи жазбаларға
тұжырым жасалады. Гректің ұлы ойшылы Геродоттың «Тарих» еңбегіндегі сақтардың салты мен
дәстүріне, дүниетанымына, елі үшін жасаған ерен ерліктеріне сүйене отырып, ұлы даламызды жаудан қорғай білген қолбасшылардың ерліктері сөз етіледі. Аңыздың негізгі өзегі – ел есінде мәңгі сақталған Томирис патшайымның ерлігі арқылы түсіндірілгені талданады. Томирис патшайым
аңыз кейіпкері ғана емес, ол тарихи шындық негізінде құрылған оқиғалардың бас қаһарманы.Тарихи аңыз түріндегі бұл шығармада өмірде болған қолбасшылар жайлы нақты деректер келтіріледі.
Біздің дәуірімізге дейінгі 530-529 жылдарда болған бұл шайқас әдеттегі соғыс емес, Ұлы даланы
мекен еткен массагет-сақтардың парсы патшасы Кир бастаған қалың әскерден өз Отанын қорғап
қалған тарих шындығы. Осы жағдайлар аңызда нақты көрсетіліп, соғыстың қалай басталып, қалай
өрбігені, қалай өз мәресіне жеткендігі толық айтылады.Олай болса, бұл аңыз ақиқатқа негізделген
тарихи шындық екені түсіндіріліп, тұжырымдалады.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




