Метамәтін құрылымындағы мифтік символика
Қаралымдар: 271 / PDF жүктеулері: 105
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2019-126-1-8-15Кілт сөздер:
миф, символ, метамәтін, атрибут, бұл дүние, о дүние, Харон, жер асты патшалығыАңдатпа
Мақалада мифтің қазіргі зерттеулердегі тұжырымдары қарастырылып, оның символикалық табиғатына назар аударылады. Мифке берілген анықтамаларға талдау жасалады. Символдың миф құрылымындағы ролі туралы пайымдаулар жүйеленіп, оның тұспалды, ақпараттық
қызметін метамәтінділік бағытта қарастырудың негіздері ұсынылады. Мифолог ғалымдардың символды таныту, түсіндіру мақсатындағы ой-пікірлері ұсынылған еңбектері назарға алынады. Мифтің
ең негізгі атрибуты – символ екендігіне баса мән беріледі. Символиканы түсіндірудегі метамәтіннің
маңыздылығы ескеріліп, осы бағытта талдау жасау қажеттігі дәлелденеді. Мәтінаралық байланыстар туралы тұжырымдардан туындаған метамәтіннің өзіндік ерекшелігі, қызметі көрсетіліп, сол
негізе мифтерді көне және жаңа мәтін ретінде сабақтастыра қарастыру негіздері анықталады. Талдау нысанына көне мифтерден, фольклорлық туындылардан және көркем әдебиеттен нақты мысалдар алынады. Мифтік түсініктегі екі дүниенің арасын байланыстырушы су әлемі адам жанын
тасымалдаушы кейіпкерлер қызметі қарастырылады.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




