Қазіргі тіл білімінде жаңа сөздерді зерттеудің негізгі бағыттары
Қаралымдар: 192 / PDF жүктеулері: 140
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2019-127-2-163-171Кілт сөздер:
лексикалық жаңа бірліктер, жаңа қолданыстар, жаңа атаулар, ұқсастықтары мен айырмашылықтары, қайта оралған лексика, ғылыми және әдеби окказионализмдер, аэлогизмдерАңдатпа
Қазіргі кезеңдегі саяси және экономикалық қайта құрулар сипаты, алдымен, тілден, яғни оның лексикалық және сөзжасамдық жүйесінен көрініс табатыны белгілі. Жаңа сөздердің
тілде пайда болуы мен қолданылуы лингвистерді бұрыннан-ақ толғандырған. Бірақ оның өзектілігі
бүгінгі таңда айқынырақ саралануда. Себебі бүгінгі бұқаралық ақпарат құралдарында «неологиялық жарылыс» (неологический взрыв) орын алуда. Жаңа құрылымдар тілдің барлық қабатында
да пайда болып, қолданылып жататындықтан неологизмге тек сөздер ғана жатпайды, барлық жаңа
тілдік бірліктер құрылымы да, мағынасы да қоса алынады. Неологизм термині жаңадан пайда болмаса да, оның тілдік табиғатына қатысты қалыптасқан қолданыстағы теориялар бар. Сол теориялық
негіздерді зерттеп, олардың айырмашылықтары мен ұқсастықтарын анықтау аталған мақаланың
негізгі мақссаты болып табылады.
Мақалада тіл білімінде жаңа сөздерді зерттеп жүрген ғалымдардың еңбектеріне тоқталып,
олардың негізгі бағыттары қарастырылады.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




