Студенттік орталықтандырылған білім беру және тиімді оқыту ортасы
Қаралымдар: 197 / PDF жүктеулері: 92
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2019-127-2-135-146Кілт сөздер:
мектеп, ЖОО, құзірет, белсенді әдістер, шешендік, сөйлеу әрекетіАңдатпа
Мақала мектептер мен жоғары оқу орындары сабақтастығының басты бағыттарын айқындауға арналады. Мамандарды даярлаудың өзекті мәселелері қарым-қатынас дағдысы мен
шешендік құзіреттілік, оның ішінде «әдеби тұрғыдан ойлау» әдісінің көмегімен және сөйлеу әрекетін дамыту үдерісі мысалында қарастырылады.
Авторлар орта білім беру жүйесін реформалау негізінде алынған Назарбаев зияткерлік мектептерінің тәжірибесіне көңіл бөледі.
ЖОО-дағы оқу үдерісі технологияларының кешенді моделінің сипаты озық деген жаңа
әдіс-тәсілдермен оқытуға сүйенеді. Әсіресе коммуникативтік-әрекеттестік тәсіліне баса назар аударылады. Модельдердің басты ұстанымдары ретінде метабілім, педагог мамандардың әлеуметтік
конструктивтілік түрлері ұсынылады.
Сараптауға оқытудың нәтижелілігінің жаңаша үлгісі, S-S бойынша субъект пен субъект әрекеттестігін танытатын оқытушы мен студенттің байланысы, студенттің шешендік құзіреттілігін қалыптастыру жолдары, студенттердің оқуға деген ынтасын, оның ішінде эмпатиясын қалыптастыру
тетіктері алынды.
Авторлар оқыту ортасының тиімділігі факторларын баяндайды. Білім алушылардың танымдық және мінез-құлық белсенділігіне оң ықпал ететін зерттеу тәжірибесін оқыту әдісі, ашықтық,
басқарушылық әдісі, эксплицитті әдіс қарастырылады. Оқытушының рөлі рефлексті маман ретінде
көрсетіледі. Студенттердің аргументті ойлау дағдыларын дамыту, танымдық және метатанымдық
алаңдарын жобалау жолдары сипатталады
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




