Сұлтанбек Қожанұлының қаламгерлік қызметі мен шығармашылығы
Қаралымдар: 171 / PDF жүктеулері: 85
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2019-127-2-91-97Кілт сөздер:
Алаш баспасөзі, әдеби сын, руханият, қазақ публицистикасы, алаш ағартушылығыАңдатпа
Мақала алаш ағартушылығына, мәдени өміріне үлес қосқан белгілі қайраткер
Сұлтанбек Қожанұлының қайраткерлік және қаламгерлік қызметіне арналған. Қайраткердің еңбегі
ХХ ғасырдағы қазақ ағартушылығы мен мәдениетінің дамуына тың серпін берді. Сондықтан С.Қожанұлының шығармашылық жолын зерделеудің маңызы зор.
ХХ ғасырдағы рухани саладағы жетістіктерді танып-білу заманауи ғылымның өрлеуіне
бағыт-бағдар береді. Аталған кезеңдегі ұлттық ұстаным білім, мәдениет, өнер, саясат, ғылым, экономикада көрініс тапты. Оның құнды тұстарын бүгінгі заманда ескеріп, қолданысқа енгізу міндеті алда тұр. Бұл ретте алаштың ардақты тұлғасы С.Қожанұлы еңбектері мен өнегелі қызметінің
тағылымы мол. Оның қазақ баспасөзінде жарияланған мақалаларында ұлт тағдырына қатысты
өзекті мәселелер қозғалады. Жан-жақты дарынды тұлға публицисттік, әдебиет сыншысы, педагогтік, қайраткерлік, әдебиетші және ақындық қырларымен ерекшеленеді. С.Қожанұлының ұлт зиялыларымен бірге рухани салада атқарған қызметі тарихтан өз бағасын алды.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




