«Дариға қыз» және «Қисса Шаһизинда» дастандарының поэтикасы мен типологиясы
Қаралымдар: 216 / PDF жүктеулері: 88
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2019-127-2-45-51Кілт сөздер:
М.Жұмашұлы, Ж.Шайхысламұлы, діни дастан, фольклорлық сарын, нәзира, джауабАңдатпа
Қазақтар арасында ауызша да, кітаби түрде де кең тараған діни мазмұндағы
шығармалардың қатарында «Дариға қыз» және онымен мазмұндас «Қисса Шаһизинда» дастандарын атауға болады. «Дариға қызды» алғаш рет М.Жұмашұлы, ал «Қисса Шаһизинданы» Ж.Шайхысламұлы жариялаған. Екі дастанда да көптеген діндерде құтқарушы ретінде көрсетілетін Мәһди бас
кейіпкер болып көрінеді. Алайда бұл екеуіндегі Мәһдидің ата-анасы мен дүниеге келуі жайындағы
мәліметтерде елеулі діни-дүниетанымдық айырмашылықтың көрінісі бар. «Дариға қыз- да» шиғалық көзқарастың орны елеулі түрде көрінеді. Діни ұстанымы сүнниттік болғаны айқын Ж.Шайхысламұлының «Қисса Шаһизиндасында» «Дариға қыздағы» осы ұстанымды терістеу мақсатында,
Шығыс әдебиетіндегі «жауап» дәстүрінің арнасында жазғаны аңғарылып тұрады. Бұл екі кісіні де
аталған дастандардың авторы деп айту қиын. Екі дастанның да мазмұнынан және көркемдігінен
олардың фольклорлық айналымда көп болғаны және әуелгі шығарушылары оларды халық аузында
айтылған аңыздар негізінде тудырғаны көрініп тұрады. Екі шығарманы салыстыра зерттеу фольклор мен жазба әдебиеттің өзара байланысын, қазақ даласындағы діни көзқарастардың сөз өнерінде
із қалдыруын тереңірек тануға жол ашады.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




