Қазіргі қазақ прозасындағы фольклорлық мотивтер
Қаралымдар: 184 / PDF жүктеулері: 231
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2019-127-2-36-44Кілт сөздер:
проза, фольклорлық мотив, фольклорлық дәстүр, этно-фольклор, ұлттық таным-түсініктерАңдатпа
Мақалада қазіргi қазақ прозасындағы фольклорлық мотивтер кездесетін бiршама шығармалар туралы баяндалады. Әр туындыға арқау болған фольклорлық танымға ғылыми
тұрғыда тұжырым жасалды. Сондай-ақ, қазiргi қазақ прозасындағы фольклорлық мотивтер жаңаша
бағытта қайта жаңғырып, көркемдiк сипатта қолданылып жүргенi бағымдалады. Көркем әдебиеттi
өзге өнер түрлерiнен бөлiп алудың өзi оның сан қырлы сипатын танытады. Солардың iшiнде фольклордың мәнi ерекше. Фольклор мен әдебиеттің тарихи өзара байланысы әлем әдебиетi дамуының
ең бiр маңызды сипатын бередi. Әр дәуiрде әдебиеттiң фольклорға бет бұруы күрделi тарихи заңдылықтардың ашылуы, ақын-қаламгерлердiң фольклордың нақты, тарихи, мәндi кезеңдеріне назар
аударуы оның нақты бiр ұлттық ерекшелiгiн, халықтығын танытудың бiрден-бiр құралы. Фольклор
мен әдебиет – екi эстетикалық жүйе. Сондықтан да екеуiндегi болмысты тану құралдары бірдей
емес. Фольклор мен әдебиет арасындағы байланыс әр дәуiрде әр түрлi сипатта болды. Кейбір дәуiрлерде бұл процесс жанданып отырса, кей дәуiрлерде бәсеңдеп отырған. Осыған қарамастан, әдебиет
пен фольклор арасындағы ықпалдастық үнемi жалғасып отырды. Бүгiнгi әдебиетте де фольклорлық
дәстүрлерге, оның көркемдiк сипатына назар аудару тереңдеп отыр. Жалпы алғанда, фольклорлық
шығармалар халқымыздың бұрыннан келе жатқан таным-түсiнігiнiң формасы екендiгi айтылады.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




