Ертегілердегі «Жер асты әлеміне саяхаттау» мотиві
Қаралымдар: 201 / PDF жүктеулері: 117
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2019-127-2-8-14Кілт сөздер:
батырлық ертегі, жер асты әлемі, мифтік мотив, фольклор, самұрық құс, бәйтерек, айдаһар бейнесіАңдатпа
Мақалада батырлық ертегілердегі басты кейіпкердің жер асты әлеміне саяхат жасау мотиві негізгі нысан ретінде алынады. Ұлттық танымдағы батырларға тән қасиет пен ертегідегі сюжеттік желінің қайталануына назар аударылады. Батырлық ертегілерде ең жиі қайталанатын
Самұрық құс, Бәйтерек, Айдаһар бейнелерінің символикалық мәні көрсетіліп, осы үш элементтің
дәстүрлі мотивке айналуына талдау жасалады. Мифтік танымға сәйкес, Самұрық құс, Бәйтерек,
Айдаһар бейнелерінің қазақ батырлық ертегілерінен бөлек өзге де халықтардың ертегілерінде сюжеттік желінің қайталануы салыстырмалы талдау негізінде көрсетіледі. Батырлық ертегілер мазмұнындағы мифопоэтикалық сананың, мифтік танымның, мифтік мотивтер мен бейнелердің тұрақты
көрінісі қарастырылады. Ежелгі дәуірлерден сақталып жеткен ертегілердегі сюжеттік желілер мен
мифтік мотивтерге қатысы туралы талдаулар негізінде тұжырымдар жасалады.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




