Синтаксистік құрылымдағы актуалдану, деактуалдану құбылыстарының грамматикалық заңдылықтарға ықпалы
Қаралымдар: 225 / PDF жүктеулері: 113
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2019-128-3-107-114Кілт сөздер:
актуалдану құбылысы, деактуалдану құбылысы, синтаксистік заңдылықтар, грамматикалық байланыс, инверсия, тілдік ықшамдалуАңдатпа
Мәтін аясында грамматикалық заңдылықтардың бірі екіншісіне әсер ете отырып,
ішкі байланыста қозғалатыны белгілі. Сондықтан бүгінде сөйлеу тілінің қажеттілігіне сәйкес табиғи түрде қалыптасатын грамматикалық заңдылықтардың пайда болуы салыстыра зерттеуді қажет
етеді. Ұсынылған ғылыми мақалада бірнеше грамматикалық заңдылықтарға ықпалы бар актуалдану, деактуалдану құбылыстарының ерекшелігі, синтаксистегі басқа заңдылықтарға әсері талданған.
деактуалдану құбылысы нәтижесінде синтаксистік бірліктердің орын тәртібінің өзгеруі, сөйлем мүшелерінің ықшамдалуы немесе сөйлем құрамынан оқшаулануы пайда болатыны дәлелді мысалдармен сараланған. Нәтижесінде, деактуалданған орындағы сөйлем мүшелерінде сатылы грамматикалық өзгерістер пайда болып, бір орынды, жарыспалы инверсия, ықшамдалу заңдылықтарының
және оған ілесе бір құрамды сөйлемдер мен мүшеленбейтін сөйлем түрлерінің қалыптасатыны
дәлелденген. Олардың мәтін аясындағы грамматика-стилистикалық қызметтері сараланған.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




