Қоғамдық санаға ықпал етудегі БАҚ-тың лингвокогнитивтік мүмкіндіктері
Қаралымдар: 236 / PDF жүктеулері: 120
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2019-128-3-92-99Кілт сөздер:
БАҚ, әлеуметтік желілер, айла-шарғыларды жүргізетін лингвокогнитивтік тәсілдері, қоғамдық сана, тұрақты қайталау, бекіту және оңайлату, БАҚ тілін эвфемизациялау, парцелляциялауАңдатпа
Мақалада қоғамдық санаға ықпал ететін БАҚ мүмкіндіктері сипатталған. Жасырын әсер етудің негізгі түрі ретінде тілдік айла-шарғылары қаралады. Адамның санасына оның
әлемге деген көз қарасын толық өзгерететіндей идеялар, ассоциациялар, стереотиптер енгізіледі.
Айла-шарғылардың лингвокогнитивтік тәсілдерінің ішінде келесі түрлеріне ерекше назар аудару
қажет: бірдей фразаларды қайта қайталау; бекіту және оңайлату; БАҚ тілін эвфемизациялау, парцелляциялау.
Әлеуметтік желілердің тұтынушыларының арасында жүргізілген сауалнама нәтижелері
бойынша авторлар келесі тұжырымдарды шығарды : кейбір адамдар әлеуметтік желілерде тұрақты
отыруды уақыт шығыны деп түсінеді. Уақытын ғана емес адамдар зияткерлік қабілеттерін де
жоғалтатын болады. Психикалық денсаулығын сақтау үшін адам нақты және виртуалды қарым-қатынастың арасындағы қисынды байланысын табуы қажет
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




