Тәуелсіздік толғаулары: негізі мен қазіргі үрдісі
Қаралымдар: 219 / PDF жүктеулері: 117
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2019-128-3-51-58Кілт сөздер:
жанр, стиль, толғау, шығармашылық байланыс, жанраралық байланыс, лирикалық шегінісАңдатпа
Тәуелсіздік жайлы жазылған туындылар – ұлы пафосқа толы шығармалар. Олардың астарында әрдайым еркіндікке қол жеткізу, мәңгілік ел көрінісін арман ету мұраты жатыр.
Сондықтан да, тәуелсіздікті жырлау үлкен жауапкершілік пен сенімділікті талап етеді.
Мақалада қазіргі таңда өзекті болып саналатын тәуелсіздік тақырыбындағы шығармалар
кеңінен қарастырылады. Мақала тақырыбы бойынша көптеген теориялық әдебиеттер пайдаланылып, шығармаларға талдау жасалады. Қазіргі тәуелсіздік туралы жазылған туындылардың ерекшелігі, мақсаты, ондағы тәуелсіздік көрінісі идеялық тұрғыдан талданады. Қазіргі қазақ поэзиясындағы тәуелсіздік жайлы көзқарас пен тәуелсіздік түсінігінің жаңаша бағытта жырлану үлгісі
салыстырмалы түрде талқыланады. Өлең мен толғау арасындағы байланыс пен айырмашылық
бір-бірінен ажыратылады. Тәуелсіздік тақырыбына байланысты поэзиялық шығармалар салыстырмалы түрде талданып, қорытынды пікір жазылды
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




