Эпистолярлық мұра: хаттар мен хаттасулар (Сәбит Мұқанов жазбалары негізінде)
Қаралымдар: 203 / PDF жүктеулері: 101
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2019-128-3-15-22Кілт сөздер:
автор, тақырып, туынды, жанр, көркемдік, кейіпкер, әдеби һәм мәдени мұра, тіл, стиль, хатАңдатпа
Мақалада Сәбит Мұқановтың мол шығармашылық мұрасына арқау
болған, оқырмандармен, ғылыми ортамен жазысқан хаттары мен түрлі жазба-деректері талданып, эпистолярлық жанр аумағына қарастыруға болатын деректер қамтылған. Жазушының алуан жанрды жан-жақты қамтитындығын, тақырыптық һәм көркемдік-эстетикалық
құндылықтарды арттырғандығын, әдеби реалистік мән мен стильдік ерекшеліктерді қолданғандығын, бай қазақы тіл мүмкіндіктерін қалың көпшілік қолданысына лайықты жеткізе білгендігін ескеріп, мәдени-рухани сұраныстарымызды толықтыру мақсатында Сәбит
Мұқанов жазбалары қамтылған.
Сәбит Мұқановтың эпистолярлық мұрасы (хаттар мен хаттасулар) қалың көпшіліктен бастап, әртүрлі кәсіп иелері, оның ішінде мектеп оқушылары мен студент жастар, зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, танымал тұлғалар, кино және театр қайраткерлері,
еңбек адамдары т.с.с кеңінен қамтып, оның бәрі – баршасында ұлт мұрасы мен руханият ісі,
көркемөнер мәселесі, әдеби шығармашылық пен оны дамыту мен жетілдіру жайы кеңінен
қозғалады. Сәбит Мұқановтың өмірі мен шығармашылығы туралы зерттеу еңбектері, бағалы ой-пікірлер жүйесі де бай мазмұн, тағылымды тұстарымен маңызды болып табылады.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




