Лингоэкология және медиакеңістік


Қаралымдар: 55 / PDF жүктеулері: 132

Авторлар

  • А. Жұмағұлова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Г. Сыздықова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-678X-2019-129-4-125-132

Кілт сөздер:

лингвоэкология, медиа, медиакеңістік, бұқаралық коммуникация, тілдік сана

Аңдатпа

Бұл мақалада қазақтілді медиакеңісті лингвоэкологияның зерттеу нысаны ретінде
қарастырудың маңызы өзектеледі. Лингвоэкология – тілді, тілдік сананы сақтау және дамыту мәселелерімен айналысатын тіл білімінің пәнаралық жаңа бағыты. Қазақ тіл біліміндегі лингвоэкология
әлемдік лингвоэкологияның маңызды тұжырымдарын зерттеулеріне арқау ете отырып, өзінің дербес пәндік тұғырын айқындауға бағытталды.
Сондықтан авторлар қазақ тіл білімінде қалыптасу үдерісін өткеріп жатқан лингвоэкологияның алдымен мақсат-міндеттерін айқындайды. Оның басты міндеті қазіргі тілдің, антропонимдердің тілдік және ақпараттық кеңістік жағдайын диагностикалау екенін анықтай отырып, тілді
лингвоэкологиялық тұрғыдан зерттеудің нысанына медиакеңістікті алудың басымдығын көрсетеді.
Лингвоэкологияның негізгі ұғымдарының бірі тілдік орта десек, бүгінгі трансформацияланған
сандық медиа белсенді тілдік ортаға айналды. Сондықтан қазіргі медиакеңістік тілінің лингвоэкологиялық тұрғыдан зерделенуі, оның лингвоэкологиялық жауапкершілігінің анықталуы арнайы
зерттеуді қажет етеді

Жүктеулер

Жарияланды

2019-12-31

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Жұмағұлова, А., & Сыздықова, Г. (2019). Лингоэкология және медиакеңістік. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ФИЛОЛОГИЯ сериясы, 129(4), 125–132. https://doi.org/10.32523/2616-678X-2019-129-4-125-132

Журналдың саны

Бөлім

Статьи