Асанәлі Әшімовтің «Арылу прозасы»: жанрлық әртектілігі
Қаралымдар: 50 / PDF жүктеулері: 29
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2019-129-4-39-46Кілт сөздер:
өмірбаяндық баяндау, күнделік, деректі куәлік, арылу, адресат, жанрАңдатпа
Актерлік проза – әдеби үдерістің азырақ зерттелген саласы. Қазақстанда актерлік
прозаның бастауы Қ. Куанышбаев, К. Бәйсейітова, Б. Римова есімдерімен байланысты. Актерлік
проза – ол өмірбаяндық-арылу, жан сырын ақтару прозасы, оның ішінде еліміздің мәдениетіндегі
маңызды оқиғалар, сондай-ақ нақты айғақтар, жекелеген шығармашылық тағдырлар суреттеледі.
Актерлік проза жанры өзінің сан алуандығымен байқалса, солардың ішінде актер Асанәлі
Әшімовтің прозасын ерекше атауға болады.
Мақалада Асанәлі Әшімовтің әдеби шығармашылығының жанрлық түрлері талданады.
«Майраның әні» және «Жан бөлек» («Ерекше жан») кітаптарының ерекшелігі ой толғау, кітапөкініш жанрында о дүниелік болған әйелінің, ұлының рухтарымен жан түкпірінде жасырынған
«құпия әңгіме» түрінде жазылған.
«Күнделік – менің жанрым» кітабы күнделік сипатында баяндалады. Бұл еңбек белгілі бір
авторлық идеяны бағдар ете отырып, публицистикалық, полемикалық түрде болмысты шынайы
сипаттайды.
«Сіздердің Асанәлі Әшімов – үлкен махаббатпен» мемуарында автор оқырмандарымен
«естеліктер толқынында» әдеби саяхат жасайды.