Нұр-Сұлтан қаласының лингвистикалық ландшафтындағы тілдік өзгерулер
Қаралымдар: 348 / PDF жүктеулері: 207
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2020-130-1-99-111Кілт сөздер:
лингвистикалық ландшафт, тілдік жағдай, вестернизация, глокализация, латындандыру, тілдердің қызметтік жіктеліміАңдатпа
Бұл мақала қаланың лингвистикалық ландшафтын зерттеуге арналған. 2019 жылдың қаңтар-наурыз айларында Нұр-Сұлтан қаласында жүргізілген зерттеу нәтижелері ұсынылды.
«Лингвистикалық ландшафт» терминінің әртүрлі анықтамалары қарастырылған, одан әрі ғылыми
талқылауды қажет ететін мәселелер шеңбері келтірілген. Қаланың лингвистикалық ландшафтының
Қазақстан Республикасының тілдер туралы Заңына сәйкестігі бойынша социолингвистикалық талдау жүргізілді, тілдердің функционалды таралуы анықталды. Қаланың лингвистикалық пейзажының сипаттамасы тілдерді қолданудағы қазіргі жағдайды ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік
және басқа тілдердің келешектегі дамуын анықтауға мүмкіндік береді
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




