Қазақ тілді іскери дискурс: мәні және лингвистикалық ерекшеліктері
Қаралымдар: 277 / PDF жүктеулері: 91
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2020-130-1-69-76Кілт сөздер:
іскерлік қатынас, қазақ тілі, іскери хат, тіл саясаты, іскери дискурс, іскери хат алмасуАңдатпа
Мақалада әлемдік экономикалық қатынастардың жаһандануы және қазіргі Қазақстандағы іскерлік байланыстардың интернационализациясы жағдайындағы қазақ тілді іскери
дискурстың тілдік ерекшеліктері және оның табиғаты қарастырылады. Қазақ лингвистері қазақ
тіліндегі іскери дискурс сөздік құрамындағы сөздердің мағынасын дәл пайдалануымен, фигуративті және бағалаушы тілдің аздығымен, экспозицияның жақсыз сипатымен, клише, терминдер,
тұрақты тіркестер, шартты белгілер мен аббревиатуралардың арнайы жүйесімен, нақты композициялық құрылыммен және т.б. сипатталатындығымен келіседі. Қазақ іскери дискурсының қалыптасу тарихын талдау келесіні көрсетті: біріншіден, қазақ тілін іскерлік қарым-қатынаста қолданудың өзінің жанрларымен және тілдік құралдарымен ерекшеленетін бай, әрі бұрыннан қалыптасқан дәстүрі бар, екіншіден, бұл дәстүр белгілі бір дәрежеде қазақстандық бизнес-дискурстың қолданысындағы қиындықтарды алдын-ала анықтады, үшіншіден, қазақстандық іскери дискурс үнемі және
белсенді түрде егеменді мемлекет тарапынан қолдау тауып, қазіргі уақытта өте тез дамып, өзінің
дискурстық қоғамдастығын қалыптастыруда.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




