Тұрмыс-салт ертегілеріндегі мақал-мәтелдердің этнолингвистикалық сипаты
Қаралымдар: 227 / PDF жүктеулері: 126
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2020-131-2-94-100Кілт сөздер:
мақал-мәтелдер, этнолингвистика, тілдік бірлік, аялық білім, уәж, тұрмыс-салт ертегілеріАңдатпа
Мақала қазақ фольклорының тамаша үлгілері тұрмыс-салт ертегілеріндегі мақал-мәтелдердің тілдік ерекшеліктерін этнолингвистикалық тұрғыдан зерттеуге арналған. Көне дәуірден келе жатқан ертегілердегі мақал-мәтелдер сол ертегіде айтылған
оқиғаның, әңгіменің түйінін, тұжырымын береді. Ертегілерде қолданыс тапқан мақал-мәтелдердің мән-мағынасы мен пайда болу уәжін айқындау этнос болмысымен, оның танымымен тікелей байланысты екендігін көрсетеді. Ертегілерде көрініс тапқан қазақтың
мақал-мәтелдері мен басқа да паремиялар халықтың аялық білімін көрсетеді. Ал аялық
білім танымдық қызметпен, адамның ойлау жүйесімен байланысты. Ұлттық тілдің табиғатын тануда осы аялық білімнің маңызы зор. Олай болса, халқымыздың ерте дәуірден бергі ойлау жүйесінің, аялық білімінің жиынтығын құрайтын мақал-мәтелдердің пайда болу,
шығу уәжін айқындауда халық ертегілерінің маңызы ерекше
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




