Ақтамберді Сарыұлы толғауларының әлеуметтік-психологиялық мәнін зерделеу
Қаралымдар: 196 / PDF жүктеулері: 108
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2020-131-2-71-76Кілт сөздер:
жыраулық өнер, жырау, психологизм, толғау, лирикалық образ, ақындық «мен», әлеуметтік лирикаАңдатпа
Мақалада Ақтамберді Сарыұлының толғауларындағы әлеуметтік-психологиялық ой-сана көрінісінің герменевтикалық бағыттағы сипаты талданған. Оның шығармаларын зерттеудің басқа әдіс-тәсілдеріне көңіл бөліп, жырау толғауларындағы адам санасын оятып, сілкіндіріп, мотивация беріп, ақындық «мен» мен ішкі мұңның лирикалық
сипатта жырлануы сөз болады. Ақындық «мен» және көңіл күйдің, ішкі мұңның байланысын қарастыра келе, Ақтамберді толғауларындағы романтикалық, психологиялық сарынға
назар аударыла отырып, «ақындық жалғыздық» мәселесі қарастырылды. Ақынның жан
жалғыздығы, рухани ахуал - шығармаларына арқау болған мотивтер. Жырау толғаулары дидактикалық, философиялық бағытта зерттеліп, оның жырларындағы ұлттық бояу, ұлттық
менталитет, ұлттық колорит мәселесі қарастырылған еңбектер баршылық. Жырау шығармашылығының басты ерекшелігі де осылар еді. Ал бұл мақалада осы пікір-тұжырымдарды
жалғастыра келе, психологиялық-аналитикалық талдау жасалып, теориялық тұрғыда баға
берілді
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




