“Қазыналы Оңтүстік” көптомдығындағы Нұралы Нысанбайұлының әдеби мұрасы
Қаралымдар: 224 / PDF жүктеулері: 159
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2020-131-2-62-70Кілт сөздер:
нәзиралық дәстүр, қисса-дастандар, діни-ағартушылық, қолжазба, шығыс сюжетіАңдатпа
ХІХ ғасырдың II жартысы мен ХХ ғасырдың 30-жылдарын қамтитын сексен жылдық қазақ әдебиеті айдынына көптеген тарихи тұлғалар келді. Сондай тұлғалардың
бірі – дәстүрлі классикалық түрік және араб-парсы әдебиетінен нәр алған, қазақ әдебиетінде
мол әдеби мұра қалдырған ақын Нұралы Нысанбайұлы. Мақалада Оңтүстік өңірінде әдеби
мектеп қалыптастырған Нұралы ақынның өмірі мен шығармашылығы, әдеби мұраларынан
діни термелер мен қисса-дастандары туралы сөз қозғалды. Сонымен қатар, Түркістан облысының тарихи-рухани мұраларына арналған «Қазыналы Оңтүстік» көптомдығы жобасы аясында жарық көрген шығармалары туралы мәліметтер жарияланды. Әсіресе, ақын
Нұралы Нысанбайұлының діни ағартушылық бағытта жазылған қисса-дастандарын қазіргі
тәуелсіз көзқараспен зерттеу мәселелеріне баса назар аударылды
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




