ХХ ғасырдағы америка және қазақ әдебиетіндегі маскулиндік стереотиптер
Қаралымдар: 209 / PDF жүктеулері: 145
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2020-131-2-53-61Кілт сөздер:
гендерлік қатынастар, гендерлік зерттеулер, маскулинділік, маскулиндік стереотип, діл, ұлттық философияАңдатпа
Мақалада өзекті мәселелердің бірі – гендерлік қарым-қатынастардың
әдебиеттегі репрезентациясы қарастырылған. Гендерлік зерттеулердің ішіндегі маскулинділікке ерекше мән бере отырып, қазақ және американдық әдебиеттер негізінде зерттеуімен
де өзекті. Реалистік шығармалардағы ер адам бейнелері әлем бойынша кең таралған, халық жадында жатталынып қалған әмбебап маскулиндік стереотиптерге қаншалықты сәйкес келу-келмеуі талданды. Нәтижесінде, америкалық және қазақ ер адамдарының ерекшеліктерінің, маскулиндік стереотиптер бойынша олардың айырмашылықтарының ділдік,
мәдени, тарихи, саяси, діни, ұлт философиясы сияқты факторлармен байланыстылығы
анықталды.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




