Идеологиялық дискурс және ықпалдастық мәселесі
Қаралымдар: 195 / PDF жүктеулері: 167
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2020-132-3-133-141Кілт сөздер:
идеологиялық дискурс, ықпалдастық, ықпалдастық шек, дискурстық айналым, идеологиялық дискурс құралыАңдатпа
Қазақстандық тіл білімінде дискурс мәселесі ғалымдар тарапынан зерттеліп келеді.
Дискурстың теориясы және жанрлық түрлері де біраз ғалымдар тарапынан қарастырылған мәселе.
Дегенмен, саяси дискурстың құрамдас бөлігі ретінде танылып жүрген идеологиялық дискурстың
зерттеу арнасы мен қолданбалылық сипаты кең. Сондықтан идеологиялық дискурсты дискурстың
бөлек бір түрі ретінде қарастырған жөн. Мақалада қазақстандық тіл біліміндегі идеологиялық
дискурстың зерттелуі, анықтамасы қамтылады. Авторлар идеологиялық дискурстың саяси
дискурстан айырмашылығын көрсетіп, дискурстық айналым туралы баяндайды. Дискурстық
айналымның көрінісі инстаграм материалдарына сүйеніп талданады. Мақалада идеологиялық
дискурстың өзге ғылым салаларымен ықпалдасуы нақты мысалдар арқылы талданып, ықпалдастық
шек, ықпалдастық сөздеріне анықтама беріледі. Мақалада идеологиялық дискурстың ықпалдастық
шегі кестеге түсіріліп, нақты мысалдармен талданады
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




