Транспозицияланған құрылымдардың контекстік-модалдік қызметі
Қаралымдар: 191 / PDF жүктеулері: 155
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2020-132-3-98-103Кілт сөздер:
модалділік заңдылығы, транспозицияланған бірліктер, мәтін, семантикалық кеңістік, контекстік синонимдер, контекстік антонимдерАңдатпа
Кез келген грамматикалық құбылыстың екінші бір заңдылыққа әсер ете отырып
дамитыны белгілі. Сондықтан тілдік заңдылықтарды жалаң сипаттамай, ішкі байланыста
қарастыру орынды. Мақалада модалділік санаты мен транспозиция құбылысы бірлікте талданып,
екі грамматикалық заңдылықтың теориялық мәселелері сипатталды. Модалді мәнді түрлендіре
жеткізуге тірек болатын транспозицияланған бірліктердің мәтін аясында қалыптасатыны, сөйлеу
тілінің қажеттілігін өтей отырып, сөйлеу әрекетінде өңделетіні, мағыналық жақтан кеңейіп,
жаңаратыны дәлелденді. Сондай-ақ, транспозицияланған сөздердің мәтіндегі семантикалық
кеңістік әсерінен және тілдік бірліктердің прагматикалық қажеттілігінен туындайтын көп
функциялы қызметі сараланды. Талданған мақала аясында тілдік деректерге сүйене отырып,
транспозицияланған бірліктердің белгілі бір мәтін аясындағы мағынасын өзектендіруге
семантикалық кеңістіктегі контекстік синонимдердің, контекстік антонимдердің, синтаксистік
тіркестердің және бейлингвистикалық амалдардың ықпалы болатыны айқындалды.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




