Орта ғасыр түркі мақал-мәтелдеріндегі адами қасиеттер көрінісі: салыстырмалы-тарихи талдау
Қаралымдар: 238 / PDF жүктеулері: 172
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2020-132-3-75-85Кілт сөздер:
түркі тілдері, орта ғасыр түркі жазба ескерткіштері, тарихи лексикология, мақал-мәтелдер, паремиологиялық жүйе, семантикалық байланыс, жалпытүркілік дүниетаным, қазақ тілі.Аңдатпа
Орта ғасыр түркі жазба ескерткіштері – түркі халықтарының өткен тарихы мен мәдениетінен, тілінің ерекшеліктерінен мәлімет беретін асыл мұра. Ескерткіштер тіліндегі мақал-мәтелдерді жан-жақты зерттеу қазақ тіліндегі паремиологиялық жүйенің қалыптасуы мен даму
үдерістерін, мақал-мәтелдердің мағыналық уәжін анықтауға мүмкіндік береді. Мақалада ХІ-ХІІ
ғасырларда жазылған түркі ескерткіштері – Жүсіп Баласағұнидің «Құдатғу білік», Махмұт Қашқаридың «Диуани луғат-ит түрк», Ахмет Йүгнекидің «Һибат-ул хақайқ», Ахмет Йасауидің «Диуани
хикмет» шығармалары тіліндегі моральдық құндылықтарды сипаттайтын мақал-мәтелдер қарастырылады. Ескерткіштер тіліндегі адамның жақсы қасиеттері мен жағымсыз қасиеттерін сипаттайтын
мақал-мәтелдердің этномәдени мазмұны, паремиологиялық мағынаның ерекшелігі мақал-мәтелдер
құрамындағы доминант сөздердің семантикалық аясы шеңберінде сараланады. Орта ғасыр түркі
жазба ескерткіштері тіліндегі мақал-мәтелдер қазақ тіліндегі мақал-мәтелдермен салыстырыла
отырып, олардың этномәдени мазмұнындағы ортақтықтар мен айырмашылықтар анықталады.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




