М. Жұмабаев шығармаларындағы «бақыт» базалық концептісінің мағыналық-ақпараттық өрісін айқындайтын тілдік бірліктер
Қаралымдар: 216 / PDF жүктеулері: 235
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2020-132-3-66-74Кілт сөздер:
когнитивті тіл білімі, концепт, таным, бақыт, ақын, тілдік бірлік, когнитивтік құрылымАңдатпа
Мақалада ақын Мағжан Жұмабаев жырларындағы «бақыт» базалық концептісін
құрайтын мағыналық-ақпараттық өрістер айқындалып, оларды анықтайтын тілдік модельдерге
талдау жасалып, тілдік бірліктердің когнитивтік құрылымы ажыратылды. Мағжан өлеңдерін талдау барысында «бақыт» базалық концептісін құрайтын он мағыналық-ақпараттық өріс сұрыпталып
алынды. Осы концептіні құрайтын мағыналық-ақпараттық өрістер жеке-жеке талданып, оларды айшықтап тұратын тілдік бірліктер мен когнитивтік құрылымдар жүйеленді. Талдау барысында ақынның бақыт танымы туралы жеке пайымы, суреттеп бейнелеуі, өзіндік стилі анықталды. Сол кезеңдегі саясат, қоғамның хал-ахуалы, жалпы ХХ ғасыр басындағы қазақ халқының тағдыры қандай
болды деген бейне (картина) ақын жырларынан нақты көрініс тапқан. Олар, әсіресе, бақыт ұғымы
аясында анық байқалады.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




