Ежелгі Орталық Азия халықтарындағы рухани үдеріс тамырлары
Қаралымдар: 197 / PDF жүктеулері: 175
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2020-132-3-44-50Кілт сөздер:
манихейлік діні, буддалық мәтіндер, салыстырмалы-тарихи әдіс, номшы Танвасин, Азруа, Хормуста, Сасанидтер әулетіАңдатпа
Мақалада ежелгі түркі тайпаларының жазба ескерткіші “Алтын йаруқтың” будда діні негізінде рухани ортаны сауықтыруға қызмет еткені туралы сөз өрбітіледі. Сондай-ақ, осы
шығарма қытай тілінен көне түркі тіліне аударылған дәуірдегі Тұран жерінде будда, манихейлік
діндерінің әлеуметтік және рухани өмірге тигізген әсері де талданады. Мақала авторы ежелгі үнді
ведалары образдарының “Авеста” мен “Алтын йаруқтағы” образдармен үндестігіне де тоқталады.
Әсіресе, “Алтын йаруқтың” Орталық Азия халықтарының ортақ ескерткіші “Авестамен” туысқандық байланыстарына ерекше назар аударылады. “Алтын йаруқ” пен “Авестадағы” Зерван мен Хормуста образдарының мағыналық және функционалдық ерекшеліктері мен ізгілік туралы идеялары
үндестігінің себептері ашылады. Сонымен қатар, манихейлік дініне қатысты түркі ескерткіштерінде “Авеста” образдарының кездесуі және олардың арасындағы генетикалық байланыстар туралы да
сөз өрбітіледі. “Алтын йаруқ” аударма шығарма болса да, көне түркі мифологиялық кейіпкерлерінің
кіріп келу себептері айқындалады.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




