Жас ұрпақтың қазіргі сөйлеуіндегі ағылшын тілі кірме сөздері
Қаралымдар: 249 / PDF жүктеулері: 341
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2020-133-4-86-92Кілт сөздер:
мәдениет, қарқынды қарым-қатынас, байқау, семантизация және классификация, жойылу қаупі бар тіл, англицизімді меңгеру, ағылшын тіл иесінін тарихы, тілдік бірлестіктер, өз идеяларын білдіру, сөздік қорын тікелей игеруАңдатпа
Мақалада Интернет желісінде, БАҚ-та қолданылуы және таралауына байланысты маңыздылығы артып отырған басқа тілден енген кірме сөздер қарастырылды. Кез келген тілдің дамуына негізгілері, әлеуметтік және тарихи болып табылатын әртүрлі факторлар ықпал етеді. Бұл факторлар, белгілі
қызмет түрі бойынша қарым-қатынас процесінде, осы тілге көрші немесе серіктестердің тілінен жаңа
элементтердің енуіне әкеп соқтырады. Мәдениеттер диалогының негізі оның тілдік тәжірибесі саналады. Олардың тарихи дамуында беруші және қабылдаушы тараптардың рөлі ауысып отырады. Мақалада
өзекті мәселе ретінде, қарсылас немесе серіктестер тілдерінен тарихи және әлеуметтік мағынадағы кірме
сөздердің енуі арқылы Еуропа тілдерінің лексикасы үнемі байытылып отыратыны қарастырылды. Авторлар англицизмнің семантикалық ерекшеліктеріне, олардың өзгерістеріне және қазіргі заманға сай
бейімделуіне талдау жүргізді. Олардың қарым-қатынаста қолданатын сөздерінде кірме сөздерді қолданатын студенттер арасында жүргізілген сауалнама нәтижесі берілген. Анкета жүргізу барысында ең көп
қолданылатын немесе сирек қолданылатын келіспеушілік тудырған кірме сөздер, олардың пайда болу
себептері, кез келген кірме сөздердің қолданылу ерекшеліктері, англицизімдерді (ағылшын тілінен енген сөздер) орыс тіліндегі сөздермен ауыстырудың мүмкіндіктері қарастырылған. Авторлар, сонымен қатар,
орыс тілінде қолданылып жүрген англицизімдердің пайда болу себептерін, олардың ерекшеліктері мен
жіктелуін атап көрсетті. Жүйелеу және бақылау сияқты зерттеу әдістерін негізге ала отырып, мақалада
күнделікті қолданылатын сөздерге кірме сөздердің қолданылу себептері және қарым-қатынас салалары
бойынша кірме сөздердің жіктелуі қарастырды.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




