«Бөрітастаған» топонимінің этномәдени негізі
Қаралымдар: 215 / PDF жүктеулері: 352
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2020-133-4-24-31Кілт сөздер:
топонимика, лингвистика, фольклортану, аңыз, әпсана, бөрі, тотем, мәдени танымАңдатпа
Мақалада ономастиканың бір тармағы саналатын топонимика туралы
тұжырымдар негізге алына отырып, мекен атауы тіл білімі, фольклортану аспектісінде
қарастырылады. Топонимнің тек лингвистикаға ғана емес, фольклортану, әдебиеттану
ғылымдарында да қолданылатыны ескеріліп, осы бағыттағы тұжырымдар жүйеленеді.
Белгілі бір нысанның болмысын танытып, мәнін ашатын топонимдердің фольклор
туындылары құрылымында көрінуі мысалдар арқылы талданады. Топонимикалық
аңыздар мен тарихи-мекендік әпсаналар арасындағы ұқсастық – екеуінде де мекен атауларына қатысты мотивтер тән екендігі айтылады. Басты талдау «Бөрітастаған»
атауы төңірегінде өрбіп, бұл атаудың тілдік, танымдық сипаттарын, ұлттық мәдени негізін ғылыми пікір-тұжырымдарға сүйене отырып, таныту мақсат етіледі. Аңыз,
әпсана мотивтері салыстырылып, көне ғұн дәуіріндегі дүниетаным белгілі ғалымдардың
пікірлері арқылы зерделенеді. Ұлттық мәдени танымдағы «бөрі», «көк» ұғымдарының
байланысына қатысты тұжырымдар да талдау барысында жан-жақты қамтылады.
Түркі дәуіріндегі бөрі тотемінің маңызы ескеріле отырып, «Бөрітастаған» аңызы топонимикалық фольклордың бірегей үлгісі деген қорытынды жасалады.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




