Жүсіп Баласағұнның «Құтадғу білік» шығармасын құрылымдық талдау
Қаралымдар: 347 / PDF жүктеулері: 500
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2021-134-1-44-51Кілт сөздер:
Құтадғу білік, Ж. Баласағұн, құрылымдық талдау, алғы сөз, көркем шығарма.Аңдатпа
Мақалада Қарахандар дәуірі әдеби жәдігерлерінің бірі, 1069 жылы жазылған
Жүсіп Баласағұнның «Құтадғу білік» еңбегі талданады. Аталған туындыны тануда
орын алып жатқан кейбір қателіктер көрсетіліп, оны қазіргі қазақ әдебиеттану ғылымы саласында жаңаша зерделеу қажет екенін мәселе етіп көтереді. Зерттеуде Р.Р. Арат
жасаған «Құтадғу біліктің» толық нұсқасы негізге алынады. Толық мәтін беске бөліп
қарастырылып, әр бөлімі жеке-жеке талданады. Нәтижесінде, қай мәтіннің Жүсіп Баласағұнға тиесілі немесе тиесілі емес екені анықталады және әр бөлім жалпы кітаптың
қанша пайызын құрайтыны нақты сандармен беріледі. Талдау нәтижелері Р.Р. Арат, Р.
Данкоф, А. Ділашар, Ә. Құрышжанов, Н. Келімбетов, А. Қыраубаева, А. Егеубаев сынды
әлемдік және отандық ғалымдардың тұжырымдарымен дәйектеледі. Көркем шығармаға
жасалған құрылымдық талдау ондағы басты идеяны, Жүсіптің айтпақ ойын көрсетуге
негіз болады. Зерттеуде алынған нәтижелер «Құтадғу білікті» тануда маңызды.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




