Жанат Әскербекқызы поэзиясының көркемдік ерекшелігі
Қаралымдар: 259 / PDF жүктеулері: 780
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2021-134-1-37-43Кілт сөздер:
поэзия, романтика, лирика, метафора, фольклор, образ, көркемдік дәстүр, мифологияАңдатпа
Мақалада 1990 жылдары қазақ поэзиясына келген талантты топтың
ішінде өз орны айқындалған, шығармашылығы қалыптасқан, жеке-дара қолтаңбасы бар Жанат Әскербекқызы поэзиясы ғылыми тұрғыда талданған. Автор ақынның
сөз өнеріне қосқан үлесін, әкелген жаңалығын пайымдау үшін әдебиеттанушы ғалымдардың зерттеу еңбектеріне жүгіне отырып, оның идеялық және көркемдік дүниесіндегі ерекшеліктерді (тілі, стилі, т.б.) ашып көрсетеді. Ұлттық құндылықтарды биік тұтқан, әрі эстетикалық талғамға сай туындыларына объективті баға
беруге ұмтылады. Мысалы, ақын поэзиясының Оралхан Бөкейдің романтикалық
прозасымен үндестігі салыстырыла дәйектелген, өлеңдеріндегі символдық бейнелер байыпталған. Лирикалық иірімдерден бөлек, Ж. Әскербекқызы жырларында
жиі ұшырасатын отансүйгіштік сарын нақты мысалдар негізінде зерделенген, сондай-ақ, өлеңдерінің өрнегіне өрілген мифологиялық және фольклорлық элементтердің поэтикалық сыр-сипаты тиісінше сараланған.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




