Түрік қаламгері Мемдух Шевкет Эсендалдың «Чамур Ахметтің мәселеcі» атты повесінің поэтикасы
Қаралымдар: 188 / PDF жүктеулері: 117
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2021-134-1-16-22Кілт сөздер:
түрік әдебиетінде реализм, түрік әдебиетінде реализм, түрік қоғамы, түрік қоғамы, мәтін талдау, мәтін талдау, реалистік көзқарас, реалистік көзқарас, мәтін құрылымы, мәтін құрылымы, салыстырмалы зерттеу, салыстырмалы зерттеуАңдатпа
ХХ ғасыр басындағы түрік әдебиетінің көрнекті өкілі Мемдух Шевкет
Эсендалдың прозалық шығармалары реалистік көзқараспен жазылған. Оның «Чамур
Ахметтің мәселелері» (Çamur Ahmet’in çıkışları) атты повесінде ХХ ғасыр басындағы
Түркиядағы қарапайым адамдардың өмірі, кезеңнің идеологиясы сөз етілген. Жазушының бұл шығармасын талдау барысында мәтінді проблемалық талдау әдісі қолданылды.
Осы тұрғыда түрік елінде кеңінен қолданылып жүрген профессор Шериф Акташтың
мәтінталдау әдісі басшылыққа алынып, кейіпкер, кеңістік және уақыт ұғымдары сараланды. Зерттеу нәтижесінде мәтін құрылымы, жазушының көзқарасы айқындалды.
Мәтіннің тілдік ерекшелігі мен жазылу стилі айшықталды.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




