Қазақстанның топонимикалық кеңістігі: стандарттау және кодификация мәселелері
Қаралымдар: 305 / PDF жүктеулері: 608
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2021-135-2-139-153Кілт сөздер:
географиялық атаулар, Қазақстан топонимиясы, тілдік реформалар, орфографиялық нормалар, стандарттауАңдатпа
Мақалада Қазақстан топонимдердерінің емлесін біріздендіруге қатысты жаңа стандарттар
әзірлеу мәселесі қарастырылған. Топонимдер қоғам өмірінде маңызды рөл атқарады. Олар - қоғамдық,
мәдени, саяси трансформациялардың көрінісі және халықаралық коммуникацияның ажырамас бөлігі.
Географиялық атауларды қайта атау үдерісінің қарқынды жүруі мемлекеттік органдар тарапынан жүйелеу мен стандарттауға негізделген бақылауды талап етеді. Соңғы уақытта елімізде латын графикасына көшу мәселесі қызу талқыланып жатқандықтан, географиялық атауларды стандарттаудың өзектілігі арта түсті. Мақалада түрлі елдердің осыған ұқсас мәселелерді шешудегі тәжірибесі қарастырылып,
Нұр-Сұлтан мен Ақтөбе қалаларының географиялық атаулары салыстырылады. Қазақ топонимдерінің
жазылуындағы және оларды орыс тіліне аудару кезіндегі сәйкессіздіктер көрсетіледі. Айқындалған заңдылықтар қазақ тілін кодификациялау мен нормализациялау мәселелерін анықтап, шешуге мүмкіндік
туғызады. Авторлар Қазақстандағы топонимдерді жүйелеу мен біріздендіру бағытында бірқатар ұсыныстар берген
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




