Когнитивтік кеңістік модельдерін құру туралы: лингвосемиотикалық тәсіл («кеңістік» топонимикалық концептісі негізінде)
Қаралымдар: 195 / PDF жүктеулері: 215
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2021-135-2-128-138Кілт сөздер:
әлемнің топонимикалық бейнесі, когнитивтік функция, топонимикалық кеңістік, кеңістіктік модельдері.Аңдатпа
Мақалада символдық когнитивтік кеңістік моделінің құрылысы топонимдердің мағынасына емес, оларды қолдану немесе номинатор халықтардың мәдениетін түсіндіру контексіне негізделгені қарастырылады. Символ-топоним топонимдердің мағынасында нақтыланды, бірақ қабылдаушы
субъект үшін көзге көрінетін қалпын жоғалтты. Қабылдаушы субъект әлемнің топонимикалық бейнесін пайымдау және қалпына келтіру үшін мәдениет саласына жүгінуі керек. «Кеңістік» концептісі
әлемнің топонимикалық бейнесінде мағына түзеді. Этносоциум мүшелерінің айналадағы болмысты
танымдық тұрғыдан игеру үдерістері осы болмысты концептілендірумен қатар жүреді, ал оның міндеті – бұл үдеріске жаңа таңбаларды тарта отырып, яғни концептосфераны семиотизациялау арқылы
жаңа мағыналар тудыру. Әр түрлі этнос санасындағы әлемнің лингвосемиотикалық бейнесі олардың
әлем туралы түсініктеріне сәйкес анықталады және әрқайсысында өзіндік сипат бойынша қалыптасады. Әлемнің әр бейнесінің этнолингвосемиотикасының құрылымы таңбалардың менталдық көріністерін
қамтиды; ол жанды сипатқа ие, яғни этносоциумда болып жатқан тарихи үдерістер барысында ұдайы
қайта түзілу мен өзгерістерге ұшырап отырады.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




