Зияткерлік белсенділік пен цифрландыру - жоғары лингвистикалық білім берудің жаңа форматының шынайылығы
Қаралымдар: 211 / PDF жүктеулері: 197
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2021-135-2-110-119Кілт сөздер:
зияткерлік белсенділік, зияткерлік қызмет, Блум таксономиясы, креативті дизайн таксономиясы, сандық технологиялар, интерактивті диалогАңдатпа
Қазіргі уақытта Қазақстанның жоғары мектебінің мақсаты – алған білімін жаңа жағдайда
тиімді қолдана білетін, соның негізінде жаңа білім қалыптастыра алатын мамандарды даярлау. Осыған
байланысты мақалада цифрлық технологиялар дәуірінде оқу үдерісінде студенттердің зияткерлік белсенділігін дамытуға ықпал ететін әдістер талданады. Б. Блум таксономиясы бойынша жоғары ойлау дағдыларын дамытудың арнайы методологиясына ерекше көңіл бөлінеді. Оның негізінде білім алуға қаты сты адам қабілеттерінің жіктелуі жатыр, сондықтан бұл жіктеу міндеттерді қою және оқыту нәтижелерін
анықтау үшін неғұрлым практикалық және ыңғайлы құрал болып табылады. Цифрлық технологиялар
дәуірінде Б. Блум таксономиясы дамудың жаңа деңгейіне көтерілді. Осыған орай аталған классификация
негізінде құрылған тәсілдер талданды. Бұл – оқытудың интерактивтілігі мен оның цифрлық технологияларға ашық болуын көздейтін жаңа модельдер. Мақалада зерттеуімізге қажетті тиімді тәсіл анықталды
және оны П. Нильссонның креативті дизайн таксономиясы негізінде практикалық қолдану мүмкіндігі
көрсетілді. «Орыс әдеби тілінің тарихы» пәні аясында студенттер интерактивті диалог арқылы ақпаратты
қалай қайта жаңғыртатыны, анықтайтыны, түрлендіретіні, парықтайтыны, материалды қайтіп талдайтыны, жинақтайтыны және бағалайтыны, нәтижесінде зияткерлік өнімдерді қалайша жасай алатыны
көрсетіледі.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




