Қазақ тойының түрлері мен қызметіне этносемантикалық талдау
Қаралымдар: 237 / PDF жүктеулері: 552
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2021-135-2-32-39Кілт сөздер:
гедоникалық құндылықтар, амбивалентті бағалауыштық, этикалық норма, фрейм-сценарий, этикеттік стереотиптер, әсіре тойшылдық мінез, паремиологизмдер, биоәлеуметтік организм, эстетикалық таным, этномәдени қоғамдастықАңдатпа
Той жасаудың шығутөркіні құрбандық шалып, ата-баба аруағынан қолдау
сұрау, сол арқылы аруақтардың, тылсым күштердің зиянды әрекеттерінен сақтану
қажеттігі жөніндегі байырғы ұғым-түсініктерге байланысты. Қазақ тұрмысында шілдехана, бесік той, сүндет той, тәрізді басты орын алатын тойлар мен қыз ұзатуға,
үйлендіруге қатысты маңызды тойлар, сондай-ақ сабан той, қымызмұрындық, бие
ағыту, күйек алу, қырман қандау, шашыратқы беру сияқты іс-шаралар да қауым болып, ұжымдасып атқаратын шаруашылық циклына қатысты үлкенді-кішілі іс-шараларға жатады. Көбінесе жаз жайлауда өткізілетін тойға алдын-ала хабаршы жіберіліп,
әнші-күйші, ақындар, балуандар шақырылады, бәйге жарияланады, көкпар тартылады,
қыз қуу, теңге ілу (күміс алу), жамбы ату, жорға салу тәрізді ойындар, бәсекежарыстар
ұйымдастырылады. Мақалада байырғы уақытта өткізілетін тойлар мен қазіргі кездегі
тойлардың мәдени-әлеуметтік ерекшеліктеріне этносемантикалық талдау жасалады
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




