Фариза Оңғарсынованың суреткерлік даралығы
Қаралымдар: 356 / PDF жүктеулері: 318
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2021-136-3-103-113Кілт сөздер:
Фариза Оңғарсынова, поэзия, лирика, құбылту түрлері, бейне, ұлттық идея, ұлттық образАңдатпа
Мақалада «қазақ поэзиясының падишасы» атанған Фариза Оңғарсынованың жыр
әлемі ғылыми тұрғыда талданады. Фариза өлеңдеріндегі ұлттық идея, ұлттық ойлау сөз
болады. Ақын өлеңдеріндегі ұлттық идеяның астарын айқындау мақсатында оның
Маңғыстау туралы, сондай-ақ адам мен табиғат үндестігін және Дала, Қыр, тағы басқа да
тақырыптарды жырлаған туындылары қарастырылады. Ақын поэзиясына объективті
тұрғыда баға беріліп, ақын шығармашылығындағы пейзаж, дала бейнесінің көрінісі
ашылады. Ақынның өзіне тән дара қолтаңбасын пайымдау оның шығармашылық
болмысын саралаудың бір арнасы болып табылады. Фариза Оңғарсынованың қаламгерлік
ерекшелігін барлау аркылы акындық шеберлігі байыпталады. Ақынның суреткерлік
даралығы, идеялық-тақырыптық нысанасы, ұлттық көркемдік дәстүрге қосқан үлесі,
шығармаларының қазіргі қазақ поэзиясында алатын тиісті орны мен бейнелілік сипаты
зерделенеді.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




